$ 441.66  475.14  4.86

Алматының айып тұрақтарына көлік сыймай жатыр

Алматылық полицейлер жол көлік ережесін бұзған көліктерді қайда қоярларын білмей жатыр. Өйткені, айып тұрақтарында мүлдем орын жоқ деп жазады Tengrinews.kz.

Айта кетейік, қазір "оңтүстік астанада" полицейлер рейдтік іс-шара өткізіп жатыр.

"Осы іс шараның үш күнінде біз 4500 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырып, 109 көлікті айып тұрағына жаптық. Қазір айыптұрақтары көліктерге толды, басты проблемамыз қазір осы болып отыр. Ереже бұзған көліктердің мемлекеттік номерлерін шешіп, хаттама толтырғаннан кейін номерлерін қайтарып беріп жатырмыз. Қазір әкімшілікпен бірге жаңа айып тұрағын салуды жоспарлап отырмыз", - дейді Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов қоғамдық кеңес жиынында.

Айта кетейік, Алматыда жол ережелерін бұзуды алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шара 15 тамыз күні басталған болатын.

"200 экипажды тек жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге жұмылдырдық. Ал, қалған 2000 қызметкер рұқсат етілмеген жерге көліктерін қойып кететін жүргізушілермен жұмыс істеуде. Мұның барлығы қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатыр", - дейді Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, рұқсат етілмеген жерге көлігін қойған жүргізушілер 10 АЕК (22 690 теңге) көлемінде және одан жоғары айыппұл төлейді. Мәселен, жүргізуші көлігін қаладағы көк шөп үстіне, балалар ойнайтын алаңшаға, тротуар үстіне немесе қоғамдық көлік жүретін жолға қойып кетсе 15 АЕК (34 035 АЕК) төлеуі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары