$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте BMW жүргізушісі 3 адамды қағып, олардың бірі қайтыс болды

Оқиға 18 тамыз күні орын алған. Шымкент қаласындағы Жібек-жолы тас жолының бойында BMW автокөлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келіп, жол жиегіндегі үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Олардың бірі 7 жасар бала деп мәлімдеді ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Жол апаты салдарынан 1980 жылғы ер азамат оқиға орнында қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі шақыртуға кешігіп жеткен екен. Біраз уақыт тірі жатқан ер азамат дәрігерлер келерінен санаулы минуттар бұрын көз жұмыпты.

Ал, 1981 жылғы әйел мен 2010 жылғы бала түрлі дене жарақаттарымен Шымкент қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір олар ем қабылдап жатыр. Зардап шеккен үшеуінің бір-бірімен туыстық байланысының бар-жоғы айтылмады.

Полицейлер болса BMW автокөлігінің жүргізушісін қамауға алғандарын мәлімдеді.  Оның үстінен ҚР Қылмыстық коексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары