$ 498.34  519.72  4.85

Астана әкімдігі үйсіз жануарларға үлкен "үй" салып беретін болды

Алдағы уақытта «Сарыарқа» ауданында иесіз жануарларға арналған байланыс зообағымен орын пайда болады. Нысан Тілендиев даңғылының 20-1 көшесімен қиылысында, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жақын жерде орналасады.

Қазіргі уақытта Астана әкімдігінің тапсырысы бойынша құрылыс нысанының жобалық-сметалық құжаттары мен жоба сызбасы ұсынылған. Жануарларға арналған орынның жалпы аумағы 3,0 га. биіктігі 2 қабат, ғимарат аумағы 4115 шаршы метр, қаумалдар аумағы 3750 шаршы метр болады.

Естеріңізге саламыз, тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша қала басшысы Әсет Исекешев жануарларға арналған орындарға бірнеше рет барды. Онда ол қазіргі жағдайымен танысып, ветеринария саласындағы ең өзекті мәселелерге көз жеткізді. Нәтижесінде Астанада үйсіз жануарлардың гумандық мазмұндағы проблемаларын жүйелі шешу үшін жұмыс тобы құрылды.

Одан кейін үйсіз-иесіз жануарлар үшін мемлекеттік орын құру туралы шешім шығарылды.

Бүгінгі таңда жануарлар асырайтын орын мемлекет-жеке меншік серіктестік аясында салынатыны белгілі болды. Ол жерде трақты 400-ге жуық ит пен мысық ұсталады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, нысанда үй жануарларын серуендетіп, жаттықтыру үшін арнайы жабдықталған аумақ қарастырылған.

Приютті жартылай мемлекет қаржыландырады, жартылай тұрғындарға қызмет көрсету арқылы қаржыландыру көзін өзі табады.

Жануарлар орнында шағын байланыс жануарлар бағы, үйрету алаңы, карантинді орын, жануарларды стерильдеу бөлігі болады. Үйсіз жануарлардың ары қарай көбеюін болдырмас үшін стерильдейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары