$ 498.34  519.72  4.85

Астанада 300-ге жуық науқас ағза алмастыруға мұқтаж

Елордада ағза алмастыру кезегінде тұрған 297 науқастың үшеу бала, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы қалалық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметті негізге ала отырып.

Соңғы жылдары ел медицинасы елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Оның ішінде транспланттау саласы қарқынды дами бастады. Бүгінде Қазақстан ТМД елдерінің арасында ағза алмастыру бойынша алдынғы қатарда тұр. 

Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, Қазақстан бойынша 4 мыңнан астам науқас ағза алмастыру кезегінде тұр.

Ал Астана қаласы бойынша орган алмастыру кезегінде 297 адам  бар. Оның ішінде 3 балаға бүйрек қажет. Ал қалған 244 ересек адамға бүйрек, 37 адам бауыр, 7 адам жүрек және 6 адамға өкпе ауыстыруға мұқтаж.

«Қазақстан бойынша ағза алмастыру оталары 9 медицаналық мекемеде жасалады. Оның үшеуі осы Астанада. Бүгінде ол орталықтарда жүрек, өкпе, бауыр мен бүйрек ағзалары ауыстыру оталары жасалып келеді»,  - деді Ж.Досқалиев. 

Спикердің мәліметіне жүгінсек, жыл басынан бері еліміз бойынша 185 науқасқа ағза ауыстыру отасы жасалған. Оның 30 пайызына ағза мәйіттен алынған.

«Ағза тірі адамнан және мәйіттен алынады. Бір адам қайтыс болса да, бес адамның өмірін сақтап қала алады. Жүрек, бауыр, өкпесі мен екі бүйрегі бес адамның өмірін жалғастырады деген сөз», - деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Транспланттау жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының директоры Жақсылық Досқалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары