Бүгін Теміртау қаласында орта жастағы ер азамат жедел несие беретін шағын орталыққа шабуыл жасап, кассадағы қаражатты тонап кетті. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Алайда, күдікті ұзаққа қашып кете алмады. Араға небәрі 2 сағат салып тәртіп сақшылары оны қолға түсірген.
"Полиция қызметкерлері Теміртау қаласындағы "Заём даём" еп аталатын микронесиелік ұйымға қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктіні қолға түстірді. Полицейлерге 27 жастағы аталған ұйымның менеджері шағымданған. Оның айтуынша, қарақшы бөлмедегі терезені қолымен ұрып сындырып, пышақпен қорқыту арқылы кассадағы 174 мың теңгені алып кеткен. Тәртіп сақшылары 30 жастағы Теміртау тұрғынын ізін суытпай қолға түсірді. Жәбірленген қыз оны танып отыр. Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысында. "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Полицейлердің айтуынша, күдікті 2 сағаттың ішінде ұсталған. Оны "Любимый" деп аталатын супермаркеттің ішінде жүрген жерінен қала тұрғындары полицияға ұстап берген екен.