$ 498.34  519.72  4.85

Белсенділер үнді жұмысшыларын Қазақстаннан жаппай шығарып тастауды талап етуде

Кешегі Астанадағы қазақтар мен үнділер арасындағы жаппай төбелестен кейін полицейлер тек Қазақстан азаматтарын қамауға алғаны қоғам белсенділерінің ашуын туғызуда. Айта кетейік, бүгін Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Есіл аудандық ІІБ 8 азаматты қамауға алған. Оларға жағдайды ушықтырды деген айып тағылуда.

Ал, қоғам белсенділері болса қамаудағы қазақтарды босатып, Үндістан азаматтарын елден шығаруды талап етіп отыр. Айтуларынша, Қазақстанда онсыз да жұмыссыз жастар жетіп артылады.

Танымал саясаттанушы Айдос Сарымның айтуынша, шетелдік жұмысшыларды Қазақстанға тартқан компанияарды Бас прокуратура тексеруі керек.

"Абу-Даби плаза кешеніндегі қақтығысқа үнділер мен олардың жұмыс берушілері кінәлі деп ойлаймын. Олар ең алдымен біздің қазақстандықтардың жұмыс орындарын иемденіп отыр. Жұмыс істеп жрген үнділердің барлығы жоғары білікті мамандар емес. Олардың істегенін біздің қазақтар да істейді. Демек, мұның артында жемқорлық тұруы мүмкін. Бас прокуратура шетел жұмысшыларын Қазақстанға тартудың қаншалықты заңды жүргізілгенін тексеруі қажет", - дейді саясаттанушы.

Ол сондай-ақ, үнді жұмысшыларын Қазақстаннан қууды талап етіп отыр.

"Үнділер басынып кетті. Жабылып бір күзетшіні соққыға жығуы соның айғағы. Ал, 40 қазақты ұстап, бірде-бір үндіні ұстамау - бұл қателік. Сондықтан, алдымен үнділерді ұстап, төбелес шығарғандарын жауапкершілікке тарту керек. Кейін айыппұл салып, Қазақстанға қайта орала алмайтындай етіп депортациялау қажет", - дейді Айдос Сарым.

Экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан да қамауға алынған қазақ жігіттерін тез арада босатуды талап етті.

Ал, танымал журналист Қуандық Шамахайұлы үнділердің бұл әрекетін тойынғандықтың, басынғанықтың белгісі екенін жазды.

"Қасиеті Құрбан айт мейрамын сыйламай, Астананың төрінде ештеңеден қаймықпай төбелес шығарып ел-жұрттың мазасын алған, қазақты басынып астамсыған Үндістан азаматтарын ҚР заңдарымен соттап, шара қолдану керек. Егер шетелден нәпақа іздеп келгендер қарны тойған соң өз қызметтік міндетін атқарып отырған азаматтарымызды соққыға жығып, есіре берсе, оларға біздің құқық қорғау органдарымыз лайықты жаза жүктемесе, керісінше, отандастарымызды олардың алдында жығып берер болса, мұндайға төзе беру қиынға соғады", - деп жазды Қ.Шамахайұлы өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, Астанада Үндістан азаматтары мен қазақтар арасындағы төбелес 2 қыркүйек күні кешкі сағат 22:00 шамасында орын алды. Полиция болған жайтқа тұрмыстық жағдайда болған төбелес деген баға берді.

Алдын ала болжам бойынша, алкогольді ішімдік ішіп алған үні жұмысшысы жатақхана аумағына кірмек болғанда, күзетші оны өткізу бекетіне кіргізбей қойған. Жерлестерін шақырып келген үнді азаматы сол жерде күзетшіні соққыға жыққан көрінеді. Артынша жаппай төбелес орын алып, екі азамат түрлі дене жарақаттарымен дәрігер көмегіне жүгінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары