Елордада 21 тамыздан бастап 5 қыркүйекке дейін «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде, деді елордалық әкімдік медиа орталығының тілшісіне Астана ІІД ЖПҚ жол-патрульді полиция полкі қызметінің инспекторы Астемір Бектаев.
«Аталмыш шараны өткізуден бастап 450-ге жуық әкімшілік бұзушылық анықталды. Жаяу жүргіншілермен және жүргізушілермен бұзушылықтарға тосқауыл қоюға ерекше көңіл бөлінді», - деді Астемір Бектаев.
Ағымдағы жылдың 7 айында 329 жол-көлік апаты орын алды, ол өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 56 апаттық оқиғаға кем.
«Жол-көлік апаттарының саны әлдеқайда азайғанымен, жыл басынан 7 ай ішінде жаяу жүргіншілердің салдарынан 17 адам қаза тапты», - деді А.Бектаев.
Жаңа оқу жылы басталған соң Астана қаласының әкімдігі ЖПҚ-мен бірлесе отырып жол-көлік апаттарының санын анағұрлым төмендетуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
«Осыған байланысты тұрақты негізде біз жедел-алдын алу шараларын, түрлі акциялар өткіземіз. Онымен бірге жолдың маңында өтпежолдарды қоршау қарастырылған. Қазіргі уақытта елордада 1,5 мың метр қоршау орнатылды. Кенесары көшесінің 3 учаскесінде тайғанақтауға қарсы қызыл жолақтар орнатылды, ол тежегіш жолды 3 есе азайтуға көмектеседі», - деді А.Бектаев.
Атап өткен жөн, жол-көлік ережесінің бұзушылықтары үшін жаяу жүргіншілерге 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, ол теңгеге шаққанда 11 мың 345 теңгені құрайды.