$ 448.15  483.46  4.86

Шымкенттегі мұз сарайын танымал кәсіпкер 8 есе арзан бағасына сатып алды

Шымкенттегі үлкен мұз сарайы ақыры сатылып тынды. Бұған дейін екі рет аукционға шығарылған нысанды ешкім алмағандықтан, үшінші жолы республикаға танымал кәсіпкер Серікжан Сейітжанов 8 есе арзан бағасына сатып алып отыр.

Дегенмен, Мұз сарайы акциясының 23 пайызы әлі де болса қала әкімдігінің меншігінде болады. Қалған 67 пайызы үшін кәсіпкер небәрі 128 миллион теңге төлеген. Бұдан былай нысанның иесі болып "МұнайҚұрылысСервис" ЖШС есептеледі.

Еске салайық, Шымкент әкімдігі Мұз сарайын биыл маусым айында сатылымға шығарған болатын. Нысанның бастапқы құны 996 миллион 900 мың теңге деп бекітілген. Алайда, сатылмағаннан кейін меншік иесі оның бағасын төмендетуге мәжбүр болдық деп отыр. Оның үстіне, сарай әкімдікті соңғы үш жылда 40 миллион теңгеге шығынға ұшыратқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары