$ 443.85  474.3  4.8

Оралдық әйел өзі істеген тамағанынан өзі уланып қайтыс болды

Орал тұрғыны уланған мәнті үйде пісірілген, деп жазады sputniknews.kz Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, әйел адам үйінде мәнті жасап, сол күні балаларымен ауылға кетіп қалады. Екі күннен соң үйіне оралғанда, дайын мәнтіні ысытып, кешкі асқа жемекші болған. Үлкен қызы мәнті бұзылып кеткен деп, жемей қойған екен. Соған қарамастан әйел адам мен он төрт және он бес жастағы екі ұлы бірнеше мәнті жейді.

Келесі күні бәрі ауырып қалады. Сағат он кезінде әйел адамның хәлі одан сайын нашарлап, үлкен қызы жедел жәрдем шақырады, алайда анасы дәрігерлер келгенше көз жұмған. Үш баланы да дәрігерлер инфекциялық аурухананың жансақтау бөліміне алып кетеді. 

Қалған мәнті сараптама жасауға алынып, нәтижесінде әйелдің өлімі мен балалардың улану себебі белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары