$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстанда жанармай тағы қымбаттады

 Еліміздің жанармай бекеттерінде баға тағы шарықтады деп жазады Tengrinews.kz. Бұл жолы бензин бағасы шамамен 2-3 теңгеге қымбаттап отыр. Астаналық жанармай бекеттерінде ең өтімді АИ-92 маркалы бензин 149 теңгеден сатылуда. Бірақ, сарапшылар мұны қымбаттаудың басы ғана деп отыр.

Astana Best Consulting Group компаниясының экономист-маманы Арман Байғановтың айтуынша, бензиннің қымбаттауы инфляциялық процестерге байланысты. Сондай-ақ, теңгенің Ресей рубліне шаққандағы өзгерісі де баға шарықтауына әсер еткен. Оның үстіне, Ресей нарығындағы бағалар бізге де тікелей әсер етеді. Мәселен, көрші елде АИ-92 маркалы жанармайдың 1 литрі 35 рубль немесе 205 теңгені құрайды екен.

Мұнай өнімдерінің экспортына шектеу қойылғанын ескерсек те, жемқорлықты әлі ешкім жеңген жоқ. Қазақстаннан арзан бензинді Ресейге тасымалдаудың жолын іздегендер кеден бекеттерінде жүр. Оның үстіне, көрші Қырғызстанда өз бензині жоқ, оларда да жанармай қымбат. Яғни, Ресейге де, Қырғызстанға да біздің бензинді сатып алу тиімді. Сондықтан, біздің нарықта жиі дефицит орын алып тұрады. Тиісінше, баға да қымбаттай береді", - дейді Байғанов.

Оның айтуынша, Ресейге тиімсіз ету үшін Қазақстан жанармайының құны тағы аспандауы мүмкін. Яғни, Қазақстанда АИ-92 маркалы жанармайының литрі 170 теңге болғанда ғана ресейліктер бізден бензин алуды қояды. Оның үстіне ЕЭАО-ға мүше елдер алдағы уақытта жанармай импорт-экспортына шектеуді алып тастамақшы. Ондай бола қалған жағдайда Қазақстандағы жанармай бағасы тағы шарықтайды деген сөз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары