$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда құлаған ұшақ жерге екі рет қонбақ болған

Алматыдан Шымкентте ұшқан Ан-28 санавиация ұшағының апатқа ұшрау себебін Қазақстандағы танымал блогер Денис Кривошеев айтып берді деп жазады sputniknews.kz.

"Бастапқы деректер. Ұшақтың қозғалтқышында ақау пайда болса керек. Экипаж екі рет айналып, ұшақты далаға қондырмақ болды. Конструкция бұған мүмкіндік беретін еді. Өкінішке орай, ұшақ төмендей бастағанда, электр желісіне ілініп, күрт айналды да, қанатымен бағанаға соғылды. Соққы салдарынан қанаты жұлынып кетті", — деп жазды Кривошеев әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, қозғалтқышында ақау бары бұдан бұрын осы ұшақпен болған жайттан кейін белгілі. Кривошеевке айтқан дереккөздер бойынша, жақында ұшақтың қозғалтқышы жанып кеткен екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары