$ 498.51  522.84  4.81

Б.Байбек Алматыдағы білім беру нысандарының сейсмикалық әлеуетін тексеріп көрді

Алматы Қазақстандағы ең сейсмикалық қалалардың бірі болып есептеледі. Шаһарда магнитудасы әлсіз жерасты дүмпулері жиі болып тұрғандықтан, мұндағы ғимараттардың барлығы дерлік сейсмикалық тұрғыда нығайтылған болуы тиіс. Осы ретте қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы білім ордаларын аралап, олардың жер сілкінісіне қаншалықты төтеп бере алатынын тексеріп қайтты.

Алматыда биылғы жыл алғаш рет 28 оқу нысанында сейсмикалық нығайту жұмыстары жүруде, олар – 22 мектеп пен 6 балабақша. Биыл екі мектеп пен алты мектепке дейінгі балалар мекемелері салынады, сонымен қатар, алты мектеп пен бір бала бақшаны қайта жасау және олардың жанынан қосалқы нысандар салу қарастырылған. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында осы нысандардың біразын аралап қайтты.

Айта кетейік, «Алматы – 2020» мемлекеттік даму бағдарламасында қаланың сейсмикалық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген. Өйткені, Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан қалалардың бірі болып есептеледі. Аталған бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздігін сақтауға негізделген.

Қазіргі кезде №71, №106, №53, №63 төрт мектепте және №69 и №80 екі бала бақшаларда сейсмикалық нығайту жұмыстары аяқталған. Қыркүйекте №10 мектепте және №77, №82 екі бала бақшада жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша №187, №192, №4, №162, №19, №118, №101 жеті мектепте жұмыстар қазан айында, ал №20, №104, №130, №94, №21, №110 алты мектепте қарашада, Үміт үйі мен №46 мектепте жұмыстар желтоқсан айында аяқталады.

Қалада мектеп жасына дейінгі жеті балалар мекемелерінде құрылыс жұмыстары жүруде. Мысалы, №110 мектеп жанында бала бақша салынады, №6 бала бақша жанындағы қосалқы нысанның құрылысы бітеді. Келер жылы №184, №185 мектептер жанындағы бала бақшалар, Наурызбай және Алатау аудандарында әрқайсысы 320 орынды үш бала бақша пайдалануға беріледі.

Білім берудің сегіз нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Жыл аяғына дейін №77 және №156 мектер жанындағы қосалқы нысандар құрылыстары аяқталады. 2018 жылы Наурызбай ауднында 1200 орынды, Алатау ауданында 600 орынды мектептер, №1 Педагогикалық колледж бен №151, №185 және басқалары жанынан қосалқы нысандар іске қосылады.

Айта кетерлігі, соңғы 5 жыл ішінде қалада 15 мың орынды 280 бала бақша, 14 мың орынды 12 мектеп ашылды. Тек өткен жылы ғана жергілікті бюджет есебінен 500 орынды 4 бала бақша іске қосылды. «Шаңырақ», «Қалқаман» ықшам аудандарында мектептер жанына 1800 орынды қосалқы нысандар салынды.

Мемлекеттік – жеке әріптестік аясында 2016 жылы жеке қаржылар есебінен 5,7 орынды 175 бала бақшалар мен мини-орталықтар ашылды. 2017 жылы 200 орынды 57 жеке бала бақша пайдалануға берілді. Бизнес тарапынан жасалған қолдау арқасында 14 млрд. теңге бюджет қаржысы үнемделді.

Қалақұрылыс кеңесінде тұрғын кешенін салу мәселесі қаралғанда бала бақшалар мен мектептерге айрықша назар аударылады. Соңғы 2 жыл ішінде инвесторлар есебінен 7 мың орынды 54 бала бақша салу жөнінде шешім қабылданған. 3 мың орынды 24 бала бақша коммуналдық меншікке беріледі. Осының арқасында бюджеттің 24 млрд. теңге қаржысы үнемделді.

Алматыда «Жастар жылы» жарияланған соң Жол картасы жасалды. Нәтижесінде 2 мың орынды 4 жатақхана салу жоспарланды. 1200 орынды тағы бір жатақхананың құжаттары дайындалуда. Тұрғынүйқұрылысбанкімен бірге жастардың жеңілдетілген заем арқылы жаңа пәтер алуына мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары