27.02.2015, 05:33

Сезімнің қалыптасу сатылары

1. Гүл-кәмпит сатысы 18 айға созылады

Ер мен әйел бір-бірін жолықтырып, кездесе бастаған сәтте ғашықтық басталады. Олардың ағзаларында арнайы гормондар бөлініп, екеуі де әлемді түрлі түсті етіп көре бастайды. Осы кезде сүйген адамыңның бойындағының бәрі ғажап болады. Түр-әлпеті, дауысы, тіпті мінезінің кемшін тұстары маңызды болмай қалады.

Адам апиын шеккендей мас күйді басынан кешеді. Мұндай кезде тағдырлы шешімдер қабылдауға болмас. Өйткені, апиынның әсері ерте ме, кеш пе бір түгесіледі. 

2. Тойыну сатысы Сезім мен қуанышты көңіл-күй басылады. Серіктесіңіздің барлық артықшылығы мен кемшілігін анық көресіз. Бір-біріңізге бауыр басып, әлдеқайда шынайы, табиғи кейіптеріңізге көшіп, таза болмысты көрсетуге ұялмайтын сатыға өтесіздер. 3. Үшінші саты – жиіркену Ұзақ мерзімді қарым-қатынастың бәрінде кездеседі. Бір-бірінен жиіркенген кездерде ұрыс-керіс белең алады. Бір-бірінің кемшіліктерін ғана тереді. Ең оңай және ең жаман шешім – айырылысу болмаса ажырасу. Оның несі жаман? Уақыт екшеп берген қарым-қатынастан бас тартасыз. Соңы тағы да жаңа қарым-қатынас, бәрі басынан басталады. Не қызық? 4. Төртінші саты – төзімділік Ұрысу мен салғыласу әр отбасыда болып тұрады. Бұрынғыдай қорқынышты да емес. Сүйіспеншілік қайта бас көтереді. Егер жұптағы екеу санамен ойлап, қарым-қатынасты түзегісі келсе, ол оңай. Ең бастысы төзімді болу. Төзімді бола білсе, көрегенділік өзінен өзі келеді. Табиғат заңы. Бұл сатыда жұптар даналыққа бет алады.  

5. Бесінші саты – міндет пен парыз немесе сыйластық. Нағыз махаббаттың алғашқы сатысы! Бұған дейін шын махаббат болмаған. Бұл сатыға жеткенде екі тарапта оған не істеді деп емес, сүйгені үшін не істей аламын деп ойлана бастайды. Өз міндетін, жауапкершілігін сезіну адамды жетілдіре түседі. 6. Алтыншы саты – достық Екі адам бір-біріне шынайы түрде жақын әрі қымбат бола түседі. Мүлтіксіз сенеді. Шынайы достыққа қол жеткізеді. Достық деген махаббатқа дайындық. 7. Жетінші саты – махаббат Шынайы махаббатты тану оңай емес. Оған тым ұзақ уақыт жүріп жетеді. Махаббатқа түрлі қиындық пен қуанышты бірге бөлісе жүріп көз жеткізеді. Шын махаббат – жүрекке бір сәтте қона салатын сезім емес. Ересек, шынай сезімге адам түрлі тыйымдарды шегеріп, өзімшілдіктен бас тарта отырып қол жеткізеді.    

Әр адам күйеу мен әйелін өзі таңдайды. Отбасыда шын махаббатты сезіну үшін бір-бірін жақсы тануы керек. Жақсылап достасу маңызды. Содан кейін ғана шын сүйеді. Көп адам алғашқы гүл-кәмпит сатысын махаббат деп түсінеді. Романтика өткен соң көзіңді тұмшалаған бу сейілген сәтте қарым-қатынастың алғашқы қиындықтары сезіледі. Ал, кейбіреулер махаббат өтіп кетті дейді.  

Махаббаттың дәмі сан алуан: тәтті және ащы, қышқыл және уылдыратын дәм. Адалдық пен төзімділік – махаббаттың басты қасиеттері. Егер махаббат бітті деп ойласаңыз, онда ол әлі басталғанда жоқ деп ұғыңыз.

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ