$ 499.51  525.83  4.62

Шымкентте жаңа туған сәбиін қоқысқа тастап кеткен 26 жастағы әйел ұсталды

Жаңа туған сәбидің өлі денесі Шымкенттегі қоқыс тастайтын орындардың бірінен биыл 20 қазанда табылған болатын. Бұл жайт бойынша Абай аудандық ІІБ ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (жаңа туған сәбиін өлтіру) іс қозғалды деп хабарлайды ОҚО ІІД.

Сәбидің анасын іздеуге ОҚО ІІД-нің жеке құрамы толық жұмылдырылған. Шұғыл іздеу шаралары барысында полицейлер Астана қаласынан 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өз қылмысын толық мойындаған.

Қазіргі таңда ішкі істер департаментінің өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті әйел Шымкентке жеткізіледі және осында тергелетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары