$ 449.58  486.94  4.86

ОҚО-да «ON’TU’STIK STARTUP» байқауы жарияланды

Өнертапқыш жастарды қолдау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында «ON’TU’STIK STARTUP» атты инновациялық жобалар байқауы жарияланды. Шараны Шымкентте 3 қараша күні «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы мен облыстық Ішкі саясат басқармасы. Бұл туралы «Жас отанның» баспасөз қзметі хабарлап отыр.

Жоба облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде іске асырылуда. Байқаудың басты ерекшелігі «ON’TU’STIK» телеарнасында телевизиялық форматта өтетін болады.

«Ontustik Startup» инновациялық жобалар байқауы Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен іске асырылады. Байқаудың негізгі мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау болып табылады. Жалпы байқаудың жүлде қоры – 2 млн. теңгені құрайды.

Байқаудың өзектілігі – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Бәсекелік қабілет» ұстанымын жастар арасында кеңінен насихаттау.

Байқауға қатысу үшін Шымкент қаласы, Қонаев бульвары, 83/1 орналасқан Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасында өтінім үлгісін толтыру қажет (эл.почта – m.tursunbekova@palata.kz).

Өтінім нысанының үлгісі, оны толтыру тәртібі және құжаттар топтамасының тізімі Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерінде бар.

Сондай-ақ сіз өтінім нысанын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының http://shymkent.atameken.kz ресми сайтынан жүктеп ала аласыз.

Балмаржан Нарбекова, ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы: 

- Біз бұл байқауды дәстүрлі түрде жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. Себебі, кәсіпкерлік саласы еліміздің дамуына серпін беретін маңызды салалардың бірі. Жастар кәсіпкерлігін қолдау, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артыратындығын қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттердің тәжірибиесі көрсетіп отыр.

Бауыржан Молдабеков, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы: 

- Бүгін біз, әріптес ұйымдармен бірлесіп, жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында «ON’TU’STIK STARTUP» инновациялық жобалар байқауын жарияладық. Жоба аясында қатысушыларға жеке кәсіп ашу бойынша арнайы тренингтер ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, облыстық кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері тарапынан бизнес жобаларды әзірлеу бойынша кәсіби кеңестер алуға мүмкіндік беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары