$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда мемлекеттік қызметтер мен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

Алматыда «Мемлекеттік қызметтер мен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» өтті. Бұл жәрмеңкені ҚР Мемлекеттік Қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Медеу ауданының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған.

– Жәрмеңкені өткізудегі негізгі мақсат – халықтың мемлекеттік қызметті алу кезіндегі әдістемелік-түсіндіру ауқымын кеңейту болып табылады. Сонымен қатар, осындай шаралар арқылы мемлекеттік қызметтерді қолдану аясын кеңейтуді көздеп отыр. Және де халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтерін кеңінен түсіндіру, - дейді ұйымдастырушылар.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне 48 мемлекеттік орган қатысып, ұсынылған қызметтердің жалпы саны 353-ке жетті.

Бүгінгі күні көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтердің 60%-ы мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.

Жәрмеңкеге сәулет және қала құрылысы, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, азаматтық хал актілерін тіркеу, тұрғын үй және жер қатынастары және басқа да басқармалар мен салалар қатысты.

– Бүгінде біз мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін төртінші рет өткізіп отырмыз. Сондай-ақ, бүгін мемлекеттік органдардағы бос орындар жәрмеңкесін қосып ұйымдастырдық. Мұндай шаралар қаланың әрбір ауданында өткізілетін болады. Аталмыш жәрмеңкенің халық үшін маңызы зор және де бүгінгі таңда мұндай шаралардың беделі ел арасында күн санап өсуде, яғни тұрғындар тарапынан сұраны артып келеді, - дейді Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Байқанова.

Оның айтуынша, электронды үкімет қызметін қолданушылардың саны жыл санап артып келеді екен.

Аталмыш жәрмеңкеге 2 359 адам мемлекеттік қызмет алуға және 350-ден астам адам бос жұмыс орындарына өтініш берді. Оның ішінде 56-на «Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығы» жұмысқа орналасуға белсенді түрде қолдау көрсетті.

Ұйымдастырушылар азаматтарға сапалы кеңес беру мақсатында мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді алу және мемлекеттік қызметке кіру үдерісін кезең-кезеңмен алгоритмді сипаттайтын ақпараттар мен материалдарды әзірледі.

Барлық келушілер 15 минут ішінде электронды цифрлық кілтті ала алды. Ол болашақта оларды үйден шықпай-ақ дербес қызметтер алуға мүмкіндік береді, сол арқылы өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді дейді ұйымдастырушылар.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Фото