$ 448.89  477.93  4.76

Түркия қазақтары Мейрамбек Беспаевты шашу шашып қарсы алды (ВИДЕО)

Түркия Республикасында тұратын қазақ қандастар танымал әнші Мейрамбек Беспаевты ерекше ықыласпен қарсы алды. Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазған.

«Шашуын шашып, ақ дастарханын жайып, ізгі тілектерін жаудырып қарсы алған Стамбұлдағы ағайындарға Алланың нұры жаусын!», – делінген әншінің жазбасында.

Мейрамбек бұл жолы да Стамбұл қаласына жалғыз бармапты. Сүйіктісі Мархаббат та жанында. Түркиядағы тыңдармандары оларды ұшақтан түсісімен құшақ-құшақ гүлін ұсынып қарсы алған. Онымен қоймай, қаны бір қандастарымыз эстрада жұлдызына арнайы дастархан жайып, үйлеріне қонақ қылған.

Осы сапары барысында Мейрамбек Бесбаев Түкрияда жерленген Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың және таэквондо 6-дан иегері Мұстафа Өзтүрікттің бейітіне барып, зиярат етіп, құран бағыштап қайтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары