$ 498.34  519.72  4.85

Елімізде үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы 15 номинация бойынша тағайындалатын болады

Астанада Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Кеңес жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен өткен отырыста мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруда ҮЕҰ мен халықтың пікірлерінің назарға алынуы, ҮЕҰ-мен білім беру саласындағы өзара іс-қимыл және ҮЕҰ-ға сыйлықақы тағайындау  мәселелері талқыланды.

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырысын Министр Нұрлан Ермекбаев, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы әріптестік қарым-қатынас орнату қажеттілігін, сондай-ақ, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарды әзірлеу керектігін атап өтті.

Бұдан бөлек, үйлестіру кеңесінің отысырында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,  ҚР балалар құқықтары  жөніндегі өкілі  Зағипа Балиева сөз сөйледі.

«Еліміздегі бала құқығына байланысты ең өзекті мәселелерді шешу үшін Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуінің жаңа деңгейін енгізу керек, бұл өз кезегінде кез-келген азаматтық бастамаларды барынша пайдалануға, балаларға қатысты құқықбұзушылықты болдырмауға, сонымен бірге, балалардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына тікелей көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деді З.Балиева.  

Үйлестіру кеңесінің отырысында Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны тағайындау мәселелері талқыланды. Сыйлықақы 15 номинация бойынша, ҮЕҰ-ға әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін беріледі.  Сыйлықы үкіметтік емес ұйымдарға  а.ж 21 қарашасы күні салтанатты түрде табысталады.   

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесу тәжірибесін талқылады.  

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің  қорытындысы бойынша  осы саладағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар қабылданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары