$ 498.34  519.72  4.85

Қайрат Нұртас суреттегі сүйген қызының кім екенін айтты

Жуырда әлеуметтік желілерде Қайрат Нұртастың бейтаныс бойжеткенді құшағына алып, бетінен сүйіп тұрған суреті жарияланған болатын. Желі қолданушылары әншіге бас салып, оны жаппай айыптай бастаған. Алайда, Қайраттың өзі көп күттірмей сұлу бойжеткеннің шын мәнінде кім екенін түсіндіріп берді.

Әншінің айтуынша, суреттегі қыз оның қарындасы екен. Ал, мұны үлкен шуға айналдырған кейбір БАҚ өкілдері Қайраттың ашуын туғызған.

«Осы суретті жариялап жіберіпті. Бұл қыз менің туысқан қарындасым. Адам бірінші біліп жазу керек деп ойлаймын. Ақпараттық құралдары, инста жұлдыздар дегендер бәле болды ашуға тиіп. Дұрыс түсініңіздер», – деп жазған әнші өзінің Instagram-парақшасында.

Сурет «инста-жұлдыздар» парақшасына жарияланып, көпшілік Қайрат Нұртасқа қарсы ауыр сөздер жазған. Бірақ сурет көп кешікпей өшірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары