$ 441.66  475.14  4.86

«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауында оралмандар мәселесі тыңдалды

Тоқсаныншы жылдардың басында, яғни Тәуелсіздігімізді алған тұста басталған Ұлы көш осыдан бірнеше жыл бұрын тоқырап, қазір қайта жандана бастағанын білеміз. Қлы көш деп отырғанымыз – әлемге тарыдай шашылған қазақ қандастарымыздың елге оралуы.

Бүгінде елімізде оралмандарға түрлі көмектер көрсетіледі. Тоқсаныншы жылдары келіп үлгергендерге жер мен ақшалай көмек берілген болса, қазір шеттен келген қандастарға бірқатар жеңілдіктер, тегін оқу курстары қарастырылған. Олардың тіл мен кәсіп үйренуін үкіметтің өзі қаржыландырып келеді.

Дей тұра, Қазақстанға оралған қандастардың проблемалары да жоқ емес. Азаматтық алудың өзін айтпағанда, оралмандар түрлі әлеуметтік мәселелермен бетпе-бет келіп жатады. Бүгін «Көш көлікті болсын!» республикалық акциясы аясында «Нұр Отан» партиясының бас ғимаратында өткен қоғамдық қабылдауда осы проблемалар туралы, көші-қон саласындағы өзекті мәселелер туралы сөз қозғалды.

Бүгінде Қазақстанға оралған қандастарымыз баспанамен қамтылып, олардың азаматтық алуына Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығы да үлкен үлесін қосып келеді. Дегенмен, қауымдастық басшылары әлі де түйіні ше­шілмей жүрген мәселелер де бар екенін айтып отыр.

Бейнеконференциялық бай­ланыс бойынша өткен іс-шараға Ішкі істер, Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ауыл шаруашылығы, Әділет ми­нистрліктері және олардың жер­гілікті атқарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкіл­дері қатысты.

Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов бүгінде көші-қон мәселесі бойынша елімізде нәтижелі жұмыстар атқарылып және депутаттар бүгінде көші-қон мәселесіне қатысты заңдарға, нормативті құжаттарға тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатқан­дарын айтты.

Бейнебайланысқа шыққан Дү­ние­жүзі қазақтары қауымдастығы Павлодар облыс­тық филиалының басшысы Болат Зауытұлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сали­қалы саясаты­мен елімізге оралған қандастарға көптеген игілікті істер жасалға­нына алғысын білдіріп, аймаққа тәуелсіздік жылдары 34 мың адам оралып, бүгінде олардың 90 пайызы Қазақстан азаматтығын алып, елімізге елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты.

− Ішкі істер министрлігінің өкілі министрліктің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйры­ғының 2-тармағына сай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 5 күннің ішінде Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар келген жері бойынша Ішкі істер орган­дарында тіркелуі тиіс делінген. Осы тұрғыда, Қытай, Өзбек­станнан оралған отбасы Қазақ­станға өтіп, Павлодар облысына қоныстанамын десе, арадағы жол­дың қашықтығы, жолды білмеуі, көліктерге билеттің болмауы сияқ­ты көптеген себептерге бай­ланыс­ты айтып отырған 5 күн оларға аздық етеді. Себебі, 5 күн өтіп кет­кен­нен кейін өзге елден орал­ған адамға айыппұл салынады, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тіпті ел аумағына кел­меуге белгі басылуы мүмкін, − дейді Болат Зауытұлы.

Сол себепті, ол бұл уақытты кем дегенде 15 күнге ұзартқан дұ­рыс деген ұсыныс тастады. Сон­дай-ақ тіркеуді шекарада ұйым­дас­тыруға болмас па деген сауал қойды.

Оған қатысты жауап берген Рысбек Исаев, бес күндік тіркеу Халықтың көші-қон туралы заңында көрсетілгенін еске салып, бірақ алдағы жылдың 1 шілдесінен бастап визамен жүретін мемле­кеттерден келгендер виза алған кезінде, яғни шекарадан өткен кезінде бірден тұрақты жеріне тіркелуге болатынын айтты. Бұл жағдайда бес күндік тіркелудің қажеті болмайды. Бұл мүм­кін­діктен Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Молдавия елдері тыс қа­лып отыр.

- Бірақ қазіргі таңда Өз­бекстанмен екіжақты келісім­дер жасалып жатыр, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары