$ 443.44  480.51  4.88

Астанаға жиналған халықаралық сарапшылар бала денсаулығына қатысты пікірталас өткізді

Бүгін Астанада Халықаралық конференция аясында Дүниежүзілік балалар күніне орай «Қазақстан, балаға мейірімді» атты селекторлық режимде «Бала және денсаулық» пікірталас алаңы өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зәуреш Аманжолова, денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева, «ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссияның мүшесі Әсия Хайрулина, мемлекеттік органдардың, Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Пікірталас барысында балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына әсер ететін әлеуметтік мінез-құлық тәуекелдерді азайту, психикалық денсаулығын нығайту және суицидтің алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына және дамуына нұқсан келтіретін БАҚ-ғы және әлеуметтік желілердегі кез келген ақпараттың әсерінен болатын қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Іс-шараға қатысушылар назарына репродуктивті және психикалық денсаулық саласындағы осал балалар мен жасөспірімдердің талдауы ұсынылды.

«Балалардың денсаулығын қорғау – ұлт денсаулығының кепілі!» тақырыбында сөз сөйлеген денсаулық сақтау вице-министрі Ләзат Ақтаева балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы кез-келген қоғамда және әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардағы өзекті мәселе болып табылатынын және маңыздылығы жағынан бірінші кезекте тұрғанын, себебі ол елдің болашағы, ұлттың тектік, ғылыми және экономикалық әлеуеті, қоғамның, басқа да демографиялық көрсеткіштерін айқындайтын біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы сезімтал барометрі екенін атап өтті.

Мәселен, Қазақстанда 2008 жылдан бастап ана мен бала өлімін төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ДДҰ-ның тірі туу мен өлі туудың халықаралық критерийлері енгізілді. Соған байланысты, ұлттық перинаталдық статистикада дене салмағы туылған кезде 500 грамм және одан көп, жаңа туған туған кезде гестациондық жасы 22 апта және одан да көп және ұзындығы 25 сантиметр және одан да көп болатын сәбилер ескерілетін болды», - деді вице-министр.

"Демографиялық көрсеткіштер көрсеткендей, бала туу көрсеткіші іс жүзінде 2008 жылмен бір деңгейде. Республика халқының табиғи өсімі 16,4%-ға ұлғайып, ана өлімі 2,5 есе, ал бала өлімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендеді.

«Қазақстан Республикасы – Орталық Азия аймағындағы 2015 жылы 4-ші БҰҰ-ның мыңжылдық даму мақсаттарына ("5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін төмендету) қол жеткізген жалғыз ел, балалар өлімінің деңгейі 2015 жылдың деңгейінен 2/3, 1990 жылы 34 пайыздан 19%-ға төмендеген. 2016-2020 жылдарға арналған "Денсаулық" Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2016 жылы ана мен бала өлімін азайту индикаторы, 1 000 тірі туғандарға шаққанда жоспарлы мәндегі 8,59 құрады» - деп толықтырды Ләзат Ақтаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары