$ 443.85  474.3  4.8

Такси жүргізушісі көлігіне отырған ер адамды зорлап тастады

Мәскеуде жеке такси жүргізушісі көлігіне отырған клиентті ер адам болғанына қарамастан зорлап тастады деп жазады Лайф.

Жас жігіт «Пропаганда» түнгі клубынан таңертең 5-те шығып таксиге отырған екен. Жүргізуші жолаушыны отырғызып, оны Энтузиасттар тас жолына апарудың орнына көлікті мүлдем басқа бағытқа айдап кеткен. Сөйтіп, такси жүргізушісі жігіттің қарсылығына қарамай, оны жақын қарым-қатынасқа мәжбүрлеп, азғын ойын іске асырыпты.

Жәбірленуші бірден полиция бөлімшесіне хабарласып, арыз жазған. Қазіргі таңда құзырлы орган тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары