Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясының Оңтүстік-Жезқазған кеніші жұмысшылары көтеріліске шықты. Бұл туралы nv.kz мәлімдеп отыр.
Жұмысшылар коорпорация басшылығына еңбекақыларын 70 пайызға көтерсін деп талап қойып отыр. Сондай-ақ 20 жылдық тәжірибесі бар қызметкерлер де зейнетақысын көтеруді сұраған.
Оқиға орнына ортақ келісімге келу үшін әкімдік басшылығы мен «Қазақмыс» компаниясы жеткен.