04.12.2017, 06:46

4 айлық сәбиін ата-ана қысқатолқынды пешке күйдірген

2016 жылы Дерика мен Микала екінші сәбилі болады. Үлкен қызы бар жас жұбайлар екінші балаларынан туа салысымен бас тартады, деп жазады лайф.

Соңғы сәбилерін ата-ана неге ұнатпайтыны белгісіз. Белгілісі – баланы 4 айлық кезінде үстіне бөртпе шықты деп ауруханаға апарған. Өкінішке орай, нәресте денесін бөртпе емес, күйік шалғанын көрген дәрігерлер дереу полиция бөлімшесіне хабар береді.

Сараптама нәтижесінде баланың азаппен күйдірілгені анықталды. Ал, ата-ана болса, бұл кінәні мойындарына алған.

Микала полицейге балаға жасалған жантүршігерлік қиянаттары жайлы айтып берді. Сүйіктісі телеарнадағы көңілді жарнаманы қайталау үшін баланы еденге бірнеше мәрте алып ұрған. Соның салдарынан бала бас сүйек жарақытын алып, үсті-басы көгеріп те кеткен.   

Ал, бетіндегі күйік оны қысқатолқынды пешке аз уақытқа тұншықтырғанда пайда болыпты.