Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Тараздағы Өңірлік жобалық офистің интерактивті алаңының таныстырылымына қатысып, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесті.
Өңірлік жобалық офис Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ашылып отыр. Мұнда аталған бағдарламаның 4 бағыты бойынша 4 интерактивті алаң жұмыс істейтін болады, олар: «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны». Олардың әрбірінің өз ерекшеліктері бар. Атап айтқанда:
«Тәрбие және білім» алаңында «100 жаңа оқулық», латын әліпбиі және аталған бағытта өңірде жүзеге асырылатын жобалар туралы ақпараттар орналасқан. Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және латын әліпбиін үйрету мақсатында компьютерлер орналастырылған.
«Рухани қазына» алаңында өңірдің киелі жерлері, Қазақстандық заманауи мәдениет, өңір табиғаты және аталған бағытта жүзеге асырылатын жобалар туралы ақпаратпен танысуға болады.
«Атамекен» алаңында әлеуметтік бағдарламалар, ҮЕҰ, меценаттардың форумы, еріктілердің атқарып жатқан жұмыстары, интерактивті платформа, «Жомарт жүрек», «Асыл жандар» жобаларымен танысуға болады.
«Ақпарат толқыны» алаңында Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеу және «100 жаңа есім» жобаларымен танысуға болады.
Сондай-ақ, барлық алаңдардың жұмысын үйлестіру мақсатында жұмыс жүргізу орны құрылған.
Мұнан кейін Кәрім Көкірекбаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесті. Кездесуге «Кирпичник» ЖШС директоры (2013-2015ж), қоғам белсендісі Сембек Әбетайұлы Сейдазимовтың, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, Ерлан Әбдінәбиұлы Бақтыгерей, Алматы қаласы «Орталық клиникалық ауруханасы» АҚ нейрохирургі Марат Аманғалиұлы Саршаев, Кәсіпкер Әбдібек Үйкекбайұлы Пошкаев, Полиция сержанты Ғалым Қазбекұлы Арыстанбаев, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ақжүрек Достықұлы Таңатаров қатысып, тақырыпқа сай өз ойларын білдірді.