Күні кеше танымал продюсер Баян Мақсатқызының қайта тұрмысқа шыққаны туралы жазған болатынбыз. Енді ол кәсіпкер Турсенгали Алагузовтің заңды әйелі.
Ал, Алагузовтің өзі болса бұл қуанышын жасыра алмай әлек. Кешелі бері ол Instagram әлеуметтік желісіне ғашығымен некелескен сәттегі суреттерін жүктеп жатыр. Тіпті, неке туралы куәліктің фотосына ол «Үйленуіме тура келді» деп жазыпты.
Айта кетейік, 48 жастағы Турсенгали Алагузов пен 43 жастағы Баян Мақсатқызының бұл бірінші некелері емес. Баянның бірінші күйеуі Бақытбек Есентаев қазір қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеп жатса, Турсеннің экс-әйелі Ляйсира Алагузова күйеуімен тамыз айында ажырасты.