$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері талқыланды

Алматыда Бостандық ауданды әкімдігінің ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту - елдің экономикалық саясатының басымдықтарының бірі» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы шағын және орта бизнестің елдің ЖІӨ-дегі үлесін кем дегенде 50%ға қамтуды қарастырған. Елімізде  іскерлік ахуалды жақсартуға және отандық кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мақсатты жұмыстар атқарылуда.

- Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін  пайдалану және жедел әрекет ету  маңызды және өзекті болуда. «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатында Кәсіпкерлікті қолдау бойынша  республикалық қоғамдық кеңес жұмыс жасайды. Осыған байланысы өткен дөігелек үстелге «Нұр Отан» партиясы  Бостандық аудандық филиалында партияның  аудандық филиалына қарасты сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңесі  және  Алматы облысы адвокаттар коллегиясы мүшелері қатысты, - дейді ұйымдастырушылар.

Жиын барысында партияның  аудандық филиалына қарасты сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы Э.А.Карибаев өзінің баяндамасында Республикалық кеңесі мен кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету міндеттері туралы айтып өтті.

- Баяндамамның соңында ол  2016 жылдың аяғына таман «Өнімді жұмыспен қамтылу және жаппай кәсіпкерлікті дамыту »  жаңак бағдарлама жол тартқан, бұл деген  белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің 10% өсіміне мүмкіндік берейін. Бағдарлама микрокредиттің шекарасын кеңейтеді және  бастаушы кәсіпкерлерге арналған қаржылық сауаттылыққа үйретеді. Ал кәсіпкерлер үшін қаржылық сауаттылықтың маңызды екенін жақсы білесіздер, - деді Бостандық аудандық филиалына қарасты сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңесінің төрағасы Э.Карибаев

Елбасының тапсырмасы бойынша бүгінгі таңда бизнестің үздік бизнес ортасын қалыптастыру, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту, бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, бизнестің шығындарының барлық түрлерін қысқарту қажет деген шешімге келді қатысушылар.

Ал бизнесті жүргізу, жаңа нарықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың құзыреттілігін дамыту, инфрақұрылым, ғылыми қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау Қазақстанға елдегі бизнес ортасын түбегейлі кеңейтуге және жақсартуға мүмкіндік береді екен.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары