Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасы аясында елімізде Жергілікті полиция қызметі құрылғаны белгілі. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да Мемлекет басшысы бұл жүйені одан әрі дамытуды тапсырған болатын. Аталған құрылымның құрамына негізінен жол-патрульдік полиция қызметі кіреді. Ал, олардың міндеті туралы Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов айтып берді.
- Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 28-қадамында Полиция қызметкерлерінің іскерлік қабілеттері негізінде іріктеу жүйесін жақсартуды тапсырған. Сондай-ақ, кәсіби дағдыларын және жеке тұлғалық қасиеттерін тексеру үшін іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудің арнайы жүйесін енгізу көзделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1142 Қаулысымен «Жергілікті полиция қызметі туралы» Ереже бекітілді. Аталған ереже жергілікті полиция қызметінің мәртебесін, уәкілеттілігі мен мақсат-міндеттерін айқындауды көздейді.
Жоғарыда аталған ереже жергілікті тұрғындар алдында ел тыныштығын күзетудегі полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, полиция қызметіне деген сенімнің артуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – жаңа жаһандық нақты ахуалды өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында біршама тапсырмалар берілген болатын. 2016 жылы жаңадан құрылған Жергілікті полиция қызметінен қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу шараларын арттыру талап етіледі. Ішкі істер, қалалық, аудандық басқарма бөлімдерінде, жергілікті полиция қызметі бастықтарының мәртебесі мен ұйымдастырушылық рөлі жіті бағаланады. ЖПҚ қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін көтеру, жеке құрам арасында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету міндеттеледі. Полиция қызметінің ашықтығын көрсету, тұрғындардың сенімін нығайту міндеттері жүктеледі.
Алматы қаласының ІІД ЖПҚ және оған тікелей бағынышты бөліністердің штаттық саны – 2306 бірлікті құрайды. Оның ішінде ЖПП Полкі -1084 бірлік, әкімшілік тәртіппен қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орны - 53 бірлікті көрсетеді. Белгілі бір тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орны – 18 бірлік. Ал, учаскелік полиция инспекторлары - 572 бірлік, ювеналдық – 273 бірлік. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау - 9 бірлік, табиғатты қорғау бөліністері - 46 бірлікке тең.
Ал, екі мыңнан жоғары жұмыс жасайтын қызметкерден бөлек бейнебақылаулар да іске қосылған. Жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысын бейнетіркегіштер қаншалықты жеңілдететінін мына ақпараттармен толықтарамыз.
2014-2015 жылдары «Азаматтардың көп жиналатын орындарының жағдайын бақылау бейнемониторинг жүйесі» бойынша техникалық-экономикалық жобасы әзірленді. Алматы қаласының ІІД Жедел басқару орталығының модернизациялауы көзделді. Қоғамдық орындарда және арнайы мекемелерде орналасқан 1000 бейнебақылау камералары іске қосылған. Жүз төрт бейнебақылау арнайы мекемелерде, қоғамдық орындарда орналасқан модернизациялау камерасы қарастырылған. 2016 жылғы 28 қыркүйектегі Алматы қаласы Әкімдігінің №3/453 қаулысына сәйкес, ары қарай аталған жобаны техникалық-экономикалық жобасы «Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясына» ұлттық компаниясына жүктеген.
Мемлекет басшысы ұсынған «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының орындау мақсатында, Алматы қаласының ІІД ЖПҚ бөліністеріне 1093 қажетті тасымалдау бейне тіркеуіш сатып алылған және олар қазіргі таңда ІІД ЖПҚ халықпен тікелей қызмет ететін бөліністерге таратылған.
Жергілікті полициясының анықтамасына сүйенсек,бейнебақылау құрылғыларына 702 893,3 мың. теңге бөлінген. Оның ішінде портативті бейне тіркеуіш алуға – 337 081 мың теңге. Сақтау және бейне мәліметтерді басқаруға , өндеуге арналған кешенді бағдарламалық-аппараттық, (серверлік құралдар) - 327 030 мың. Теңге бөлінген. Зарядтау станцияларымен және бейне мәліметтерді сақтау қоймаларына - 38 728 тыс теңге бөлінген.
Мың тоқсан үш тасымалдау бейнетіркегіштер алты сот шешімінде негізі дәлел болып табылды. Сондай-ақ, бейнетіркегіштердің көмегімен 200-ден астам қылмыс және 32 мыңнан астам әкімшілік істердің жазбалары тіркелген.
Айта кететін жайт, пікірталас және шиеленіс жағдайлар туындаған кезде, бейнетіркегіштегі жазбалар ескеріліп, нақты жағдайды көруге мүмкіндік берді. Осы жылдың басынан аталған бейнетіркегіштер бес жүзден астам әкімшілік істер бойынша пікір таласта қолданылған.