$ 498.34  519.72  4.85

Былтыр Алматыда «Оңай» жүйесі бюджетке 850 миллион теңге пайда түсірген

Алматыда қоғамдық көлікке сараланған тариф енгізілгеннен бастап қала бюджеті ұлғая бастаған. Былтыр 9 айда 850 миллион теңге жиналса, жыл басынан бері қала қазынасына 1 миллиард 527 миллион теңге түскен. Жаңа жүйе жолаушылар тасымалындағы көлеңкелі бизнеспен күресті күшейткен.

Алматыда ескірген қоғамдық көліктерді жаңарту тұрғысында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қазан айының аяғында 103 бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын жаңа автобус қатынай бастады. Ал қараша айының басында №65-ші бағытта қатынайтын қоғамдық көліктер жаңартылды. Барлық қоғамдық көлік «оңай» жүйесімен жабдықталған.

«1 тамыздан бастап біз әр тараптандырылған тарифті қоғамдық көлікке енгіздік. Соның арқасында қазір біздің тасмалдаушылардың табысы 90 пайызға артты. Соның арқасында біздің жеке тасымалдаушылар 254 автобусты 6,5 милиард теңгеге өздерінің ақшаларына сатып алып жатыр»,. – деді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт ИСАХОВ.

Қалада көлік тасымалымен айналысатын жеке компаниялар 254 автобусты өз қаржысына сатып алған. Ал, мемлекет бюджетінен 13 миллиард теңгеге 380 көлік алынып жатыр. Мұндай реформа дамыған елдерде осыдан 35 жыл бұрын жүргізілген екен. Аталған жаңашылдық әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуіне мүмкіндік бермек.

«Әлемдік нарықты салыстыратын болсақ, қазіргі таңда мұндай жүйе дамыған мемлекеттердің барлығында бар. Барлығы жүзеге асырылып отыр. Енді Оңай жүйесі мысалы, Мәскеуді алып қарайтын болсақ, Мәскеудікіне өте ұқсас. Ол жақта да автобус әрбір көшелеріне жолақ бөлінген. Яғни жылдам қатынау мақсатында. Осындай жүйелердің барлығы Қазақстанға ене бастады», - деді экономист Мақсат СЕРАЛЫ.

Алдағы уақытта Алматыда қоғамдық көліктерге бөлінген арнайы жолақ саны арта түспек. Қазір оның ұзындығы 95 шақырымды құрайды. Келесі жылы Розыбакиев көшесінде Рысқұлов даңғылынан Торайғыров көшесіне дейін қоғамдық көлік белгіленген жерден жүретін болады. Оған қоса, Әуезов көшесінде Гогольден бастап Тимирязевқа дейін, Байтұрсынов көшесінде Төле биден Сәтпаев көшесіне дейін арнайы жолақ сызылмақ. Атап өтерлігі, қазан айында бұдан өзге 50 жаңа автобус жеткізілген. Олар № 50, 112 және 126-шы бағыттар бойынша жолаушы тасымалдай бастады. Жыл аяғына дейін қаланың қоғамдық көлігі тағы 530 жаңа автобуспен толықпақ. Алматыда транспорттық реформа келесі жылдың көктеміне дейін жүргізілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары