$ 498.34  519.72  4.85

Оралда жаңа туған сәбиін далаға лақтырып кеткен келіншек жазаланды (ВИДЕО)

Оралдық көкек ана ақыры ата-аналық құқынан айрылды. Жаңа туған нәрестесін құрылыс алаңына тастап кеткен 21 жастағы Зарина Досмұхаметоваға қатысты сот осындай шешім шығарды деп мәлімдейді KTK телеарнасы.

Нәрестені биыл жазда Орал қаласындағы  құрылыстардың бірінен күзетші тауып алған. Мұнтаздай  құндақталған балаға барлық егулер де уақытылы жасалған екен. Кейін анықталғаны, ұлының әкесімен ұрсысып қалған Зарина алғашында оны жетімдер үйіне өткізбек болыпты. Кейін ойынан айнып, баласын құрылыс алаңына тастап кеткен. Әлижан есімді нәресте қазір балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Ал, келіншек «қауіпті жағдайда қалдырды» деген баппен айыпталып, әуелде қоғамдық жұмысқа жегілді. Одан соң баланы өзіне қайтарып алуға тырысқан болатын. Бірақ, сот мүлде үмітін үзді.

 «Бір айдан кейін күшіне енеді сот шешімі. Бұл бала ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санатына жатады. Республикалық деректер банкінде тұратын азаматтар бұл баланы қамқорлықа немесе патронаттыққа алуға құқықтары бар. Енді 6 ай өткеннен кейін ата-анасы ата-аналық құқын өз қалпына келтірмесе бұл бала асырап алуға да құқы болады», –  дейді Орал қалалық білім бөлімі балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Ақиіс Бержанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео