16.12.2017, 16:37

Ақмола облысында өрт кезінде он жастағы оқушы қаза тапты

Ақмола облысында өрт салдарынан он жастағы бала ажал құшты. Тағы бір адам ауруханаға жатқызылды деп мәлімдейді төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.

Оқиға 15 желтоқсанда Щучинскіде бес қабатты тұрғын үйде болған. Өрт туралы хабар түскен бойда оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру көлігі жіберілді.

Құтқарушылар пәтер балконына шығып, төрт шаршы метрді алған өртті тез арада сөндірді. Алайда, пәтерде он жасар баланың мәйіті табылған. 67 жастағы ер адам да зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.

Бұдан бөлек, екі бала мен бір ересек адам құтқарылған.

Өрт себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: Sputniknews.kz