$ 498.34  519.72  4.85

Астанада 18 жастағы жігіт өзін өртеп жіберді

Астанада Павлодардан келген жігіт өз-өзіне от қойған. Оқиға сейсенбі күні, 19 желтоқсанда кешкі уақытта болған. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова мәлімдеді.

 "19 желтоқсанда сағат шамамен 17.00-де полицияға белгісіз біреудің "Ailand" Отбасылық орталық демалыс ғимаратының маңында үстіне бензин құйып, суицид жасағысы келгені жайлы хабар түсті. Ол ешқандай талап қоймады. Оқиға орнына дереу жеткен полиция жасағы мен жедел жәрдем қызметі өртті шұғыл сөндірді. Қазіргі уақытта жігіт қолы мен мойны күйіп, ауруханада жатыр. Осы оқиға бойынша тексеріс басталды. Себебі анықталып жатыр", – делінген ведомство есебінде. 

Полицейлер жәбірленушінің аты-жөнін анықтады. Ол Павлодардың 18 жастағы тұрғыны. Астанаға 16 желтоқсанда қонақ болып келіпті.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары