$ 444.22  476.38  4.82

Хромтауда өнеркәсіп пен ауылшаруашылық салаларында өсім бар

Хромтау еліміздегі өнеркәсіптік аудан ретінде танымал. Бұл аймақтың қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Хром кені жағынан әлемдегі екінші орынды алады. КСРО кезінде гүлденген қала тоқсаныншы жылдары өзге де шағын қалалар секілді тоқырауды бастан кешірген болатын. Ал, қазіргі таңда Хромтау ауданы мен аудан орталығында тұрақтылықтың лебі байқалады. Кәсіпорындардың жұмысы қарқын алып, аймақта ауылшаруашылық саласы дамып келеді. Күні бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осы атқарылып жатқан істерді тексеру мақсатында ауданға жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен, әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарының жұмысымен танысты.

Ақжар селолық округінде олар «АКМЭЗ» ЖШС күнбағыс майы мен жемдік күнжара шығаратын зауыттың құрылыс алаңында болып, Хромтау қаласындағы ІІБ жедел басқару орталығының, орталық аурухананың гемодиализ бөлімшесінің жұмысымен танысты, сонымен қатар, «Қазхром» ТҰК» АҚ кірпіш зауытын, «Агрофирма «Тау» ЖШС сүт өңдеу цехы мен «Габор» ЖҚ шұжық шығару цехын  қарап шықты. Хромтау тау-кен-техникалық колледжінде олардың назарына «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарын көшпелі оқытудың мобильді оқыту кешені ұсынылды.

Күннің екінші жартысында Хромтауда Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің көшпелі отырысы өтіп2017 жылдың он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылды.

«Біздің аудандарда кеңейтілген жиындарды Мемлекет басшысы тапсырмасының қалай тиімді әрі сапалы орындалып жатқанын сол жерде қарау үшін өткіземіз. Облыс қарқынды дамып келеді. Қол жеткізген көрсеткіштердің барлығы 2016 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жоғары. Жылдың қорытындысы бойынша біз экономика өсімін кем дегенде 5% қамтамасыз етуіміз қажет, барлық көрсеткіштер ортареспубликалық деңгейден жоғары боуы тиіс», - деді облыс әкімі, өңірде азық-түлік бағасын ұстап тұру, қыз мезгілінде көмірмен және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету шараларының қолданылып жатқанын айта кете.

Облыс әкімінің орынбасары  Асқар Биахметовтың айтуынша есептік кезеңде барлық секторлар оң динамиканы қамтамасыз еткен. Өнеркәсіп өсімі  4,4% құрады, Ақтөбе облысы 8,1% болған өңдеу өнеркәсібінің өсімі бойынша елімізде әлі де көш басында тұр. Өңір облыс экономикасына инвестиция тарту жағынан алдыңғы қатарларда. Негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 126,9% немесе 313,1 млрд. теңге.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,9% (171,5 млрд. тг), құрылыс жұмыстарының көлемі 10,2% (119,6 млрд. тг) артып, 495,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыстың бөлшек сауда айналымы 7,9% өскен. Осы жылдың он айлық қорытындысы бойынша өңірдегі инфляция деңгейі 4,7% құрады, бұл Қазақстан бойынша ең төменгі көрсеткіш. Экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылық аймақтағы жұмыспен қамту жағын сақтап қалуға мүмкіндік берді. Жұмыссыздық 4,8% деңгейінде қалған. 16,1 мың жұмыс орындары ашылды.

Бердібек Сапарбаев барлық бағыттар бойынша жұмыстарды күшейтіп, жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімін кем дегенде 5% қамтамасыз етуді, тоқтап тұрған кәсіпорындарға «жан бітіріп», іске қосу жұмысын жалғастыруды, сонымен қатар, өңірге мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражатты барынша игеруді тапсырды. Бұдан өзге, МЖС жобаларын жүзеге асыруды жеделдету, азық-түлік пен құрылыс кластерін дамыту да тапсырылды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев ҚР денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижесі туралы мәлімдеді. 

Он айдың ішінде туберкулезден, қан айналым жүйесі ауруларынан болған өлім-жітімнің негізгі көрсеткіштері төмендеді, мемлекеттік бағдарламалардың бірқатар индикаторларының айтарлықтай жақсарғаны байқалады. Облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейі 72,8 жасқа дейін өскен. Нәрестелердің шетінеуі мен жарақат алудан қайтыс болудың төмендеген.

МЖС жобаларын жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл соңында «Көз жарығы» офтольмологиялық орталығы мен жедел медициналық көмек көрсету бекеті жұмыс жасай бастайды. Күніне 300 адамды қабылдайтын қалалық балалар стомотологиясының құрылысы аяқталмақ, келесі жылы «Нұр Ақтөбе» және «Батыс-2» шағын аудандарында 500 адамды қабылдайтын екі емхананың құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Облыс әкімі дәрі-дәрмектер бағасының негізсіз өсуіне байланысты сұрақты үнемі бақылауда ұстап, медицина мамандарын даярлау жұмыстары мен екпеден бас тартқан тұрғындар арасында түсіндіру науқанын жандандыруды тапсырды.

Облыстық «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу» басқармасының басшысы Нұржан Аққұл елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша 3179 бірлік техника тартылып, облыстың 192 мыңдай тұрғыны қатысқан екі айлықтың қорытындысын жасады. Жалпы алғанда 3179 2886 көше, 283 саябақ пен гүлзарлар тазартылып, жөнделді, стихиялық үйінділерден 1440 тонна қоқыс, көшелер мен аулалардан 2002 тонна қоқыс шығарылды. 821 шақырымдық көлік жолының жағалары жөнге келтіріліп, 97 мыңнан аса ағаштар мен көшеттер отырғызылды.  

Осыған байланысты Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдеріне көгалдандыру жұмыстарын жалғастыруды, көшелер мен аулалардың тазалығын мұқият қадағалауды тапсырды.

Сондай-ақ, жиналыс кезінде Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Аудан басшысы Аманғали Бердалин барлық көрсеткіштер бойынша оң динамиканың сақталғанын жеткізді.

Ауданда МЖС аясында сегіз жоба жүзеге асырылуда. Хромтау ауданында «Қазхром» ТҰК» АҚ қаражатына 320 орындық балабақша, «Восход Ориел»  ЖШС қаржысына мәдениет және демалыс орны, «КазАдалҚұрылыс» - дәрігерлік амбулатория, «Болжай Р» - селолық округтерде бес медициналық пункт салынып жатыр. МЖС жобаларының жалпы құны - 1,9 млрд. теңге. «Туған жерге тағзым!» акциясы аясында құны 33,8 млн. теңге болатын алпыс жоба жүзеге асырылды.

Аудан тұрғындары ауылшаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланады, мал басының саны, соның ішінде асыл тұқымды мал саны артуда, егіс алқабы кеңейіп келеді.

Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінің назарын кәсіпкерлікті дамытуға, әлеуметтік сұрақтарды МЖС механизмдері арқылы шешуге, «Туған жерге тағзым!» акциясын жүзеге асыруға, сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге аударып, жиын қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмаларды атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары