Ақмола облысында Бестөбедегі шахтада кенші жарақат алып, ауруханаға жатқызылды деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті. Оқиға 24 желтоқсанда 15:50-де Бестөбе ауылындағы "Қазақалтын" шахтасында болған.
"735 блок 13 көкжиегінде белгісіз жағдайда 1972 жылғы кенші басынан жарақат алды. Жұмысшы жер бетіне шығарылып, Степногорск қалалық ауруханасына жатқызылған", — деп мәлімдеді ТЖД.
Степногорск ТЖБ хабарлағандай, шахтада опырылу жайты болмаған. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, болған оқиғаның себептерін анықтауда
Дереккөз: Sputnik Қазақстан