$ 447.4  477.55  4.76

Қоғам белсендісі «Zakova» клубын «қиратуға» шақырды

Алматыда қоғам белсіндісі Талғат Рысқұлбеков қыз шешіндірген «Zakova»  клубының шаңырағын ортаға түсіруге шақырды. Бұл туралы ол өзінің facebook-парақшасына жазған.

«Алматы. Сағат 18.00-де. Сейфуллин көшесі (Әйтеке би көшесінің қиылысында) 519-да «Бай заков» клубының шаңырағын ортасына түсіруге барамыз. Бауыржан атамыз айтқандай, «Арыңды нанға сатпа», – деп Рысқұлбеков көпшілікті жаппай наразылыққа шақырды.

Еске салайық, бір апта бұрын «Zakova» барында 50 мың теңге шешінген қыздың видесы әлеуметтік желіге тез таралып кеткен. Содан бері бұл оқиға қызу талқыланып жатыр. Тіпті, бірнеше жігіт осыған қатысты «Намысымызды таптатпайық!» деген сарында видеоүндеу жолдаған еді. Кейін бұл іске қатысы бар деген айыппен танымал блогер Айжан Байзакова тұтқындалып, 3 күнге қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары