27.12.2017, 09:21

Қыз шешіндірген «Zakova» клубының басшылығы үндеу жариялады (ВИДЕО)

Қыз шешіндірген «Zakova» барының басшылығы үндеу жариялады. Өзін клуб директорының міндетін атқарушымын деп таныстырған азамат бүтін қазақ халқынан кешірім сұрады.

"Мен «Zakova» түнгі клубы директорының міндетін атқарушымын. Біріншіден біздің барда болған келеңсіз жағдай үшін қазақ халқының әр азаматынан кешірім сұраймын. Бұған қатысы бар деген қызметкерлердің барлығын жұмыстан шығардық. Өзіміздің әкімшілік те жауапкершілікке тартылды, айыппұл төледік", – делінген жарияланған үндеуде.

Сондай-ақ, ол мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынын айтты.

"Тағы айта кетерім, мұндай жағдай ендігі біздің барда қайталанбайтынына уәде беремін. Біздің ойымызда қазақ халқына, әр азаматына, ішкі дүниесіне, жеке мүддесіне жаманшылық келтіру ойы болған жоқ. Тағы да Қазақстан халқының алдында кешірім сұраймын. Біз тұрғындардың намысына тиеміз деп ойлаған жоқпыз» ", – деді түнгі клуб өкілі.

Қазақ қоғамы қазір 50 мың теңгеге қыз шешіндірген 22 жастағы блогер Айжан Байзақованы да қызу талқылап жатыр. Белсенділер оның бұл әрекетіне нарызылық танытқан соң полиция блогерді 3 тәулікке қамап тастады.

Тегтер: видео