Қоғам 28.12.2017 сағат 08:42

Балалы әйелдің әмиянын ұрлаған қыз бақылау камерасына түсіп қалды (ВИДЕО)

Астана полицейлері сауда орталықтарының біріндегі бутикте әмиян ұрлады деген күдіктіні іздестіріп жатыр мәлімдейді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"26 желтоқсанда шамамен сағат 16.30-да "Есіл" аудандық Ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын белгісіз бір әйелдің балаарбада ілініп тұрған сөмкесінен қызыл түсті әмиянды ұрлап кеткенін хабарлады. Сөмкеде құжаттар мен ақша болған", - деп хабарлады полициядағылар.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 23-25 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Сары шашты, бойы шамамен 160-165 сантиметр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Астана қалалық ІІД видеоға түсіп қалған қыздың аты-жөнін анықтау үшін Ішкі істер басқармасына мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 71-64-90, 8-707-914-15-28, 8-707-790-26-06, 8-701-311-12-27 немесе 102.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар