$ 447.4  477.55  4.76

Нью Йоркте қайтыс болған "Болашақ" бағдарламасының магистранты өліміне қатысты деректер жарияланды

Нью-Йоркте қайтыс болған "Болашақ" бағдарламасының магистранты кенеттен жүрегі тоқтап қайтыс болыпты. 10 жыл бойы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеген студентке байланысты ведомство Facebook-парақшасында арнайы жазба жариялады.

"22 желтоқсанда 36 жасында қазақстандық дипломат Жұмабаев Асқар Ермекұлы өмірден өтті. Асқар Жұмабаев Қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі. 10 жыл бойы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарды. Асқар бір-ақ жыл Халықаралық-құқық департаментінде де жұмыс істеді. "Болашақ" бағдарламасымен Нью-Йорк университетінің магистратурасында оқып жүрген Асқарды әріптестері қарапайым, тәрбиелі әрі зиялы, нағыз кәсіпқой адам ретінде еске алады. Жұмабаевтың артында әйелі мен екі баласы қалды. Асқар Жұмабаевтың жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Асқар мәңгілікке біздің есімізде қалады. Иманды болсын", – делінген Қазақстанның СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, 35 жастағы Асқар Жұмабаев ҚР Парламентінің экс-сенаторы Ермек Жұмабаевтың ұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары