Бокспен шұғылданып жатқан әжейдің әрекеті көпшілікті таңғалдырды.
Instagram-парақшасындағы kazakh_video тобында жарияланған видеода әжей бокс қапшығына нық-нықтап бірнеше мәрте соққы жасайды. Содан соң өзінің спортпен шұғылданғанын мақтан тұтып, біраз серігіп қалғанын жеткізеді.
"Қолыма жақсы болды. Бұрын орамалымды таға алмай, киім кие алмай қиналатын едім", — дейді қарт кісі.