$ 494.87  520.65  4.91

Бекболат Тілеухан қанша баласы бар екенін айтты

Белгілі қоғам қайраткері, жыршы әрі әнші Бекболат Тілеухан заманауи бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, өзінің 11 перзенті бар екенін ашық айтты. Ол технология дамыған заманда рухани жағынан әлсіреп бара жатқанымызды айтып күйінді деп жазады Stan.kz. 

“Кішкентай кезімізде әкеміз келген соң ғана бәріміз отырып тамақ ішетінбіз. Ол отырмай, тамаққа қол сұқпайтынбыз. Әкей келетін, кенжесін шақырып алып тәтті жерінен турап беретін. Аста-төк тамақ жоқ еді. Тамақтың аз болуының өзінде береке, жақсылық бар екен. Оның барлығы өтті кетті. Менде өзі Аллаға шүкір 11 бала бар. Кішкентайлары мүлдем кішкентай, үлкендері үлкен”, – деп ағынан жарылған Бекболат Тілеуханға жиында отырғандар қошемет көрсетті.

Қоғам қайраткері үлкен балаларына қатал болғанын, алайда, жасы келген сайын жұмсақ болып бара жатқанын айтты.

“Бірақ негізі аса жұмсақ болмаған жақсы. Өйткені, әкеміз бізге жұмсақ болған жоқ. Одан жаман болған жоқпыз. Кішкентай кезімізден жұмысқа салды. Таңертеңнен жыбырлап жүретінбіз. Жаттығуға жіберсе бақыттысың, жібермесе қалдың”, – дейді ол.

Бекболат Тілеухан балаларын ескі дәстүрмен тәрбиелегісі келетінін, алайда оған заманның мүмкіндік бермейтінін тілге тиек етті.

Айта кетейік, жуырда Бекболат Тілеуханның ұлды болғаны белгілі болды. Қоғам қайраткері 2015 жылы да қызды болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары