$ 444.22  476.38  4.82

22 жастағы қыз туған әкесіне пышақ сұғып алды

Отбасылық жанжал қанды оқиғаға ұласты. Шымкентте 22 жастағы қыз туған әкесін пышақтап тастады. Қансыраған 46 жастағы азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Оған жедел түрде ота жасалды. Қазір оның жағдайы әлі де ауыр. Жансақтау бөлімінен палатаға ауысты деп жазады Otyrar.kz.

Әкесіне пышақ жұмсаған қыз бір жыл бұрын күйеуінен ажырасыпты. Соңғы уақытта кішкентайымен бірге төркінінде тұрып жатыр екен. Оқиға отбасылық кикілжің барысында болған. Анасы мен қызы жұлысып жатқанда әкесі екеуін арашаламақ болыпты. Сол кезде қызының қолындағы ас үй пышағы анасының емес, әкесінің денесіне кірген. Сол уақытта әкесі арашаламағанда ол пышақ анасына бағытталатын еді. Туған қызының қолынан мерт бола жаздаған әкесі арызданудан бас тартып отыр.

Тек қызының үйден кетіп, өздеріне тыныштық беруін ғана сұранып отыр. Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов науқастың жағдайы әлі де ауыр екенін айтады. Оның сөзінше, жәбірленушінің ішінің оң жақ тұсына кірген пышақ аш ішектің үш жерін кесіп жіберген. Соның салдарынан ішке қан кеткен. Біраз уақыт кешіккенде бәлкім бақилық болуы да ғажап емес еді. Ал Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық ІІБ бастығының орынбасары Ердәуіт Ниязов осы фактіге байланысты ҚР ҚК 106-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеудің жүріп жатқанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары