Ақмола облысы Бурабай демалыс орнында қонақ үй өртенді деп мәлімдейді төтенше жағдайлар жөніндегі департамент.
Оқиға Бурабай ауданы Қотыркөл ауылында 7 қаңтарда болған.
"Уют" қонақ үйінің түнде шатыры өртеніп кетті. Өртті сөндіруге жеті техника қатысқан. Өртену аумағы 120 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен құрбандар жоқ", – деп мәлімет берді ТЖД.
Өрт электр желісіндегі қысқа тұйықталу салдарынан шыққан. Қонақ үй жазда ғана істейтіндіктен, туристер болмаған.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан