$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанның алтынын Қытайға сатып келген қылмыстық топ ұсталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ұзақ уақыт бойы заңсыз өндірілген алтын кенін контрабандалық жолмен Қытайға тасыған "қылмыстық топтың" ұсталғанын хабарлады.

ҰҚК хабарлауынша, қылмыстық топ Алматы, Астана және Степногорск қалаларындағы арнайы операция кезінде ұсталған. Олардың ішінде бір Қытай азаматы бар.

"Алтынкөл" станциясында жалпы салмағы 106 тонна алтын кені бар екі вагон қолға түсірілді. Жалған құжаттар алынды. Қылмыстық топ қазып алынған алтынды сақтау және қайта өңдеу үшін пайдаланған қоймаларға тінту жүргізілді. Қазылып алынған алтын кенін тексеретін қолдан жасалған зертхана табылды" деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, бірқатар сараптама тағайындалды.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары