«Қазақавтожол» РМК дерегі бойынша Қазақстанның төрт облысында жол жабылды.
Осылайша Астанада сағат 01:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына (желдің күшеюі, боран, жолдың көрінбеуі) байланысты барлық көлік құралдары үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу қойылды.
Ақмола облысында таңғы сағат 08:30-дан бастап ауа райының күрт құбылуы салдарынан барлық көлік құралдарының түрлері үшін жолдар жабылды.
Қарағанды облысында 08:00-ден бастап боран мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.
Қызылорда облысында 00:30-дан бастап көктайғақ салдарынан республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының 1630-1720 шақырым аралығында (Қорқыт кесенесінен Бұқарбай батыр ауылына дейін) автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жол қозғалысы шектелді.
Павлодар облысында сағат 00:43-тен басап ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, боран, жолдың көрінбеуі) «Астана-Шідерті» автожолының 205-259 шақырым аралығында (Шідерті кентінен Ақмола облысына дейін) барлық автокөлік құралдарының түрлеріне қозғалыс жабылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат