$ 498.51  522.84  4.81

Ақтөбеде хиджаб дауы енді балабақшада да өрши бастады

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Бестамақ орта мектебінде балабақша тәрбиеленушісінің ата-анасы орамалды шешуге қарсы болып отыр деп жазады Aktobenews.kz.

Айта кетейік, Бестамақ орта мектебіндегі орамал тағатындардың саны — 17. Мектеп жанындағы балабақша тәрбиеленушілерінің арасында да орамал тағатындар бар. Орамалды шешуге олардың ата-аналары қарсы.

«Біз ата-аналармен кездесіп түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Тіпті, кішкентай бүлдіршіндердің балиғат жасқа толмағандарын айтсақ та түсінгілері келмейді», — дейді мектеп директоры Анар Ғасырқызы.

Жалпы, Алға ауданы бойынша орамал тағатын оқушылардың саны 50-ге жуық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары