$ 498.34  519.72  4.85

Астанада сабақ болмайды деген ақпарат өтірік болып шықты

12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана мектептерінде сабақ болмайды деген ақпарат жалған. Бұл туралы Астана Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Құрметті ата-аналар! Желіде Білім басқармасының атынан мектептерде сабақ болмайтыны жөнінде жалған ақпарат таратылған. Сабақтардың болмайтыны туралы ақпаратты біз таңертең, таңғы сағат 6.15-тен бастап таратамыз", – деп жазды ол.

Айта кетейік, 11 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтатылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары