$ 494.87  520.65  4.91

Facebook желісі бірнеше ай ішінде өзгереді

Facebook негізін қалаған Марк Цукерберг әлеуметтік желі жариялымдарының басымдығы өзгеретінін хабарлады. Мұны ол әлеуметтік желідегі өз парақшасында мәлімдеді деп жазады delavill.com.

Цукербергтің сөзінше, Facebook желісінде жаңалықтар мен жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылып, желі қолданушысының отбасы мүшелері тарапынан контент көбірек болады. 

"Жаңалықтар таспасы о бастағы мақсатынан – адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті", – деп жазыпты Марк Цукерберг. 

Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіге өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кеткенін және оның аяқталуына бірнеше ай керек болатынын да айта кетті.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары