$ 494.87  520.65  4.91

Қыз шешіндіріп аты шыққан Айжан Байзақова бұл жолы өзі шешінді

Осыдан бір ай бұрын Алматыдағы Zakova түнгі клубында екі бірдей қызды ақшаға шешіндірген танымал блогер Айжан Байзақова бұл жолы өзі шешінді. Оның жартылай жалаңаш суреті telegram-мессенджері арқылы тарауда.

Білетіндер сурет клубтың соңғы жабылу кешінде түсірілген деседі. Бірақ нақты қай күн екені белгісіз. Байзақованың шашы сары болғанына қарағанда оқиға атышулы даудан соң болған.

Еске салайық, өткен жылдың 17 желтоқсанында «Zakova» түнгі клубында 50 мың теңге үшін екі қыз тырдай жалаңаш шешініп, артынша көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Кейін бір топ қазақ жігіті бірінен соң бірі «Намысымызды таптады!» деген сарында видеоүндеу жолдап, клуб иелеріне шара қолдануды талап етті. Мұнан кейін тәртіп сақшылары Айжан Байзақованы 3 тәулікке қамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары