$ 449.58  486.94  4.86

БҚО-да ірі жол көлік апатынан 5 бірдей адам қаза тапты

Батыс Қазақстанда ірі жол көлік апаты болып, салдарынан 5 адам қайтыс болды деп жазады жергілікті «Мой город» басылымы.

Жол апаты 14 қаңтар күні сағат 15:15-те Атырау-Астрахан тас жолында Х.Ерғалиев ауылынан 5 шақырым қашықтықта болған.

– Hyundai Accent пен "ВАЗ-21015" көліктері соқтығысқан. Салдарынан "ВАЗ-21015" көлігінің 60 жастағы жүргізушісі, 40 және 57 жастағы екі әйел, 29 жастағы жігіт пен 60 жастағы ер адам қаза тапты, – деп мәлімдейді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары