Нью-Йорк тұрғындарына йогамен жалаңаш айналысу ұсынылды деп жазады oksitoys.com.
Дене шынықтырудың бұл түрімен айналысу үшін бар жоғы кілемше қажет. Сосын әрине ұятты ысырып қою шарт.
Йоганың ню стиліндегі ұйымдастырушысы Naked in Motion компаниясы. Қатысушыларды таңдауда оларға айтарлықтай қойылатын талап жоқ. Бастысы – кілемшесін әкеліп, ұятты ысырып қойса болғаны. Сосын денесін тынықтырып, рухын жігерлендіруге ниетті болуы шарт.
Ал, әйелдер мен трансгендерлер іш киіммен қатысса да болады.
Ұйымдастырушылар қатысушыларды бірнеше топқа бөлетіндерін айтып отыр. Әр топта 15-30 шақты адам болады. Жаттығуға қатысу бағасы – 15-25 доллар аралығында.
Дереккөз: life.ru